top of page

       Құрметті оқырман қауым Сіздердің назарларыңызға тағы да кезекті өлкетанулық виртуалды кітап көрмені ұсынамыз. 

    Бұл көрме қандай ақпаратымен бөліседі дейсіздер ғой? Біздіңше бұл кітап көрмесі оқырмандар үшін қызықты болады.

    Себебі прозалық шығар­малары жаңашыл жазу бағыт­тарымен, халық тілінің қанық бояуы көшкен сұлу тілімен танылып, табиғат суреттерін, жер жағдайын, адамның кескін-келбетін көрсетуде өмірдің өзінен ойып алған­дай шынайылықты игерген жазушы Қапан Сатыбалдиннің шығармашылығымен танысасыздар.

     Қазақ совет әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, драматург жазушы Қапан Сатыбалдиннің 100 жылдық мерейтойына арналған виртуалды кітап көрмесінен нені жазса да түпкі негізінен тартып тарқатып жазатын, жауапкершілікпен, шығармашылық шабытпен жазатын қаламгердің әр жылдары жазылып, жарияланған еңбектерімен танысып, ой бөлісе аласыздар.

   Бұл көрме Қапан Сатыбалдиннің өмірбаяны мен өмір жолынан толық мағлұмат береді және жазушының жеке тұлғасы туралы деректер таба аласыздар.

Оқыңыз, пікір қалдырыңыз, ұсыныңыз!

 

bottom of page