
Еңбекті қорғау заңнамалары


Еңбекті қорғау - бұл қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау жүйесі. Көрменің бірінші бөлімінде еңбекті қорғау туралы заңдар мен нормативтік-құқықтық құжаттар ұсынылған.
Атап айтқанда: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және т.б.
***
Қазақстан Республикасының Конституциясы : Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды
Азаматтық қорғау туралы : Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V Заңы
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі : Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414- V Еңбек Кодексі
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (1-шығарылым) бекіту туралы : Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 364 бұйрығы
Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы : Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығы
Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы : Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы
Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы : Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығы