


Мен жұмысшы!

виртуалды көрмесі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы 25 желтоқсандағы № 744 Жарлығымен
«2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жарияланды.
Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!
Сіздің назарыңызға «Мен жұмысшы!» атты виртуалды көрмесін ұсынамыз.
Мақсаты:
-
Жұмысшы мамандықтардың әлеуметтік мәртебесін көтеру және қоғамның осы салаларға оң көзқарасын қалыптастыру.
-
Жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын туғызу, осы мамандық бойынша жұмыс жасап жатқан еңбек адамдарының дәрежесін көтеру.
-
Жұмысшы мамандықтардың алуан түрлілігін, олардың қоғам үшін маңыздылығын көрсету және оқырмандарды мансаптық мақсаттарға жетуге шабыттандыру.
Виртуалды көрме 3 негізгі бөлімнен тұрады:
-
Еңбекті қорғау заңнамалары
-
Мамандығым-мақтанышым
-
Жұмысшы болып барар ем, үйретсе соған мені де
Көрмеде барлық саладағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі заңнамаларға сілтемелер, кітапхана қорындағы кәсіби дайындық пен біліктілікті арттыру үшін арналған кітаптар тізімі, толық мәтінді мақалалар және интернет ресурстарына сілтемелер ұсынылған.