top of page

 

Шоманов Сәкен (1896-1998)

 

        Шоманов Сәкен 1896 жылы мал бағып, жан асыраған кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Тағдыр оған сәби шағында ана мерейін көріп, тәй-тәй басуды жазбаған екен. Ол екі жасқа толар-толмастан шешесінен айырылып, жартылай жетім болып, Кербебайдың Төлегені деген байдың малын бағатын әкесі Шоманның қолында өсті.

Сол кезеңдегі Қарқаралы төңірегінде көпестердің тым қарапайым әдіспен мыс және қорғасын қортатын Атыбай-Әділ деген кәсіпшілігінде Сәкен жұмысшы болды. Арада бірер жыл өткеннен соң бұл кәсіпорын жабылады да ондағы жұмысшылар 1924 жылы Қарағайлы кен зерттейтін геологиялық-барлау партиясына ауыстырылады. Солардың қатарында С.Шормановта болды. Мұнда ол әуелі жай жұмысшы бола жүріп, геологтардан сауатын ашып, жер қойнауын бұрғылау мамандығына төселеді. Қарқаралы төңірегіндегі ірі кәсіпорынның алғашқы жер қойнауы қазынасын анықтауға үш бұрғы машинасы салынды. Оның екеуі Қарағайлыда, біреуі Кентөбеде болды. Ол бір кен техникасының әлсіз кезі болатын. Алайда тереңдігі 80-90 метрге дейін кен қойнауын бұрғылады. Екі-үш жылдан кейін мұндағы кен зерттеу жұмысы тоқтатылды да бір топ адам Қарағандыда ашылып жатқан шахталарға ауыстырылды. Яғни Қарқаралы - Семей жол құрылысында жұмысшы, 1920-1925 жылдарында Семізбұғы кенішінде жүктеуші, 1925-1929 жылдарында Қарағайлы кенішінде жұмыс жасады. 1929-1939 жылдарында Қарағандыда №4 шахтаның, сонан соң №18 шахтаның көмір қазушы-забойшысы. 1939-1956 жылдарына №18-бис шахтасының көмір құлатушылар бригадирі. Ұлы Отан соғысы жылдары және 4-бесжылдықта (1946-1950) өз бригадасымен ауысымда көмір өндіру көлемін 300-400 тоннаға жеткізді.

С. Шоманов КСРО-ның Шығыс аудандарының тас көмір өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағының 3-съезінің делегаты (1947). 2 мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. КСРО-ның Құрметті шахтері (1947). 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

Әдебиеттер:

Қарт шахтерлердің игілікті бастамасы [Мәтін] // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 13 июнь (№ 117). - 3 б.

Мұстафа Б.  Ғасыр жасаған қария // Қарқаралы. - 1996. - № 11/12. - 19-21 б.

Садықов Қ. Сәкен Шоманов // Социалистік Қазақстан. - 1948. - 19 дек. (№ 251). - 2 б.

 

 

Шоманов Сакен (1889-1998)

 

        Сакен Шоманович родился в 1896 году в семье казаха-бедняка. Трудовую деятельность начал в 1918 году путевым рабочим на строительстве дороги Каркаралинск - Семипалатинск. В 1920-1925 годах работал грузчиком на руднике "Семизбугы", а с 1925-го по 1929 год - водовозом на руднике "Карагайлы". В угольную промышленность С.Ш. Шоманов пришел в 1929 году забойщиком на шахту N 4. С 1934-го по 1939 год работал на шахтах "18-18-бис" навалоотбойщиком, затем бригадиром навалоотбойщиков.

В годы Великой Отечественной войны Сакен Шоманович со своей бригадой выдавал на-гора по 300-400 тонн угля в смену, что для тех лет было очень высоким показателем.

Больших успехов достигла его бригада и за годы послевоенной пятилетки, выдав нагора более 20 тысяч тонн сверхпланового угля, а С.Ш. Шоманов выполнил пятилетний план за 4,5 года.

За многолетний неустанный труд и выдающиеся успехи в деле увеличения добычи угля, внедрение передовых методов труда С.Ш. Шоманову в 1948 году присвоено звание Героя Социалистического Труда с вручением ордена Ленина и золотой медали "Серп и молот". Кроме того, он удостоен ордена Трудового Красного Знамени, нескольких медалей.

Сакен Шоманович Шоманов отличался оброжелательностью, скромностью, принципиальностью, ответственностью за порученное дело, постоянной готовностью прийти на помощь.

С 1956 года Сакен Шоманович находит ся на заслуженном отдыхе. Все, кому довелось работать и общаться с Сакеном Шомановичем, запомнили его замечательным, отзывчивым и добрым человеком.

 

 

 

 

Литературы:

Новиков В. Я.  Сакен Шоманов //Шахтерская слава Казахстана. - Караганда: Карагандинская полиграфия, 2007. – 65-66 с.

Попов Ю. Г. Караганда на заре моей юности: записки краеведа, подтвержденные архивными источниками / Ю. Г. Попов; ред. В. И. Шемшученко. - СПб.: Всерусский собор, 2009. - 172 с.

Сакен Шоманов //  Карагандинский и уральский угольные бассейны [Электронный ресурс] // Шахтеры герои социалистического труда. - Москва: Углетехиздат, 1949. - С. 534-337

Сакен Шоманов // Знатные шахтеры восточных угольных бассейнов [Электронный ресурс] / сост.: Я. М. Прудкин, В. Д. Соснов. - Москва: Углетехиздат, 1948. – 263-264 с.

Амирханова Г. "Караганде не семьдесят лет, а сто сорок восемь!" // Новый вестник. - 2004 . - 11 февр.(N6). - С. 10-11.

Орыспаева М.  О ветеранах замолвите слово... // Индустриальная Караганда. - 2002. - 21 авг. - С. 5.

Орыспаева М.  Через призму времени - к истокам // Индустриальная Караганда. - 2003. - 15 нояб. - С. 14.

Попов Ю. Г. Родился у кентских гор // Каркаралы. - 1991. - 23 окт. (№ 83). - С. 3.

Шоманов Сакен Шоманович: [старейший ветеран труда, Герой Соц. труда, почетный шахтер СССР. Некролог.] // Индустриальная Караганда. - 1998. - 15 авг. - С. 6.

bottom of page