Алғы сөз
Бүгінгі қоғамдық санада еңбек адамдарын құрметтеу арқылы жастардың бойына, таным-түсінігіне ел дамуы тек еселі еңбекпен ғана шындыққа айналатынын ұғындыру керектігіне назар аударғанымыз жөн. «Әлемнің әміршісі – еңбек» деп қартайғандағы зейнетті жас күндегі бейнеттен іздеу заңды құбылыс. Өйткені ер дәулетін еңбектен іздеген. Қай кезде де жұмысшы адамның ерен еңбегі дәріптеліп, қоғамда еселі еңбек еткен адамдарға ер атағы берілген. Елдің осындай құрмет-қошеметіне бөленген адамдарға Социалистік Еңбек Ері атағын берген.
Социалистік Еңбек Ері – шаруашылық пен мәдени құрылыстағы айрықша жетістігі мен үздік еңбегі үшін берілген КСРО-дағы ең жоғары дәрежелі құрметті атақ. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1938 жылы 27 желтоқсандағы Жарлығы бойынша белгіленген. Социалистік Еңбек Ерлеріне Ленин ордені, «Орақ және Балға» (1940) алтын медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылады. Социалистік Еңбек Ерлері атағын екі рет алғандар екінші «Орақ және Балға» алтын медалімен наградталып, туған жеріне қоладан бюст қойылады. 1986 жылдың қыркүйегіне дейін ҚазКСР-інде 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алды, оның төртеуі бұл атаққа екі рет ие болды.
Сіздерге ұсынылып отырған «Қарағанды облысының еңбек даңқы» «Трудовая слава Карагиндинсой области» атты өнеркәсіп салалары, көлік, ауылшаруашылық пен мәдениет өкілдері арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұлғалар жайында виртуалды жоба.
Туған жерді түлетіп, еңбегімен ер атанған азаматтар Қарағанды өңірінде аз емес. Бұл тарихи кезеңде талай еңбек майталмандары қалағаны белгілі. Олардың қатарында кеуделеріне орден, медаль қадап, құрметтің төріне озғандары қаншама? Әдетте Социалистік Еңбек Ерлерін айтқанда, Қарағанды облысында қанша Социалистік Еңбек Ері бар екенін біз білеміз бе?! Ал, облыс бойынша тұңғыш Алтын жұлдызды кеудесіне қадаған кім? Осындай сұрақтарға жауап іздесеңіздер, осы виртуалды жобамыздан таба аламыз деген ойдамыз.
Жалпы Қарағанды облысынан 141 Социалистік Еңбек Ері шықты. Қарағанды облысы бойынша бұл атақты 1947 жылдан бастап кеншілер, шопандар ала бастады. Олардың есімдері облыс тарихына алтын әріптермен жазылып қалды. Қалай айтқанда да, алдыңғы толқын ағаларымыз облысымыздың дамуы жолында халықтың сана-сезімін, қазақы рухын жоғалтпай, еңбекке бір адамдай жұмыла білді. Олардың өз салаларында көрсеткен ерліктеріне дау келтіре алмаймыз.
Бұл интернет-ресурсты даярлау барысында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітап қоры, өлкетану картотекасы және «Өлкетану» электрондық каталогы, газет жариялымдарының мұрағаттық тақырыптық папкалары, облыс қалалары мен аудандарының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қорының өлкетанулық материалдары, интернеттен алынған құжаттар пайдаланылды.
Бұл жоба «Облыстық кітапхана – аймақтық зерде» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
Жобаның мақсаты:
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы
Социалистік Еңбек Ерлерінің өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру;
Қарағанды облысы бойынша Социалистік Еңбек Ері атағын алған тұлғалар жөнінде бір жүйеге келтірген жаңа интернет-ресурста қысқаша өмірбаяны, әдебиеттер тізімі және өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық нұсқасы берілді.
Құрметті сайт пайдаланушылар! Жоба жайлы өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білдіріп, Социалистік Еңбек Ерлері туралы деректермен бөлісуге болады. Жоба жалпыға ортақ, Қарағанды облысының басқа да аймақтарының білім беру, мәдениет, денсаулық т.б. мекемелері жобаға қатыса алады.
Есімі елге танылған азамат-қайраткерлердің өнегелі жолдары және өлкенің көрнекті оқиғалары туралы есімі мен еңбегі Қарағанды жұртшылығының жадында мәңгілік сақталады.