Рожнов Анатолий Александрович (1931- 1994)
Анатолий Александрович Рожнов - тау-кен маманы, Социалистік Еңбек Ері (1974), геология-минералогия ғылымының докторы (1988), 7 ақпан 1931 жылы, Ресей Федерациясы, Пермь қаласында туған. 1953 жылы Солтүстік-Кавказ тау-кен-металлургия институтын бітірген. Еңбек жолын қатардағы геолог болып бастаған. Жәйрем геологиялық барлау экспедициясының бас геологы болды. 70-тен аса ғылыми еңбек жазған. Ғылыми еңбектері Қазақстанның маңызды кенді аудандары Атасу, Қаражал, Жәйрем, Жомарт, Үшқатын, Бестөбені зерттеу мен олардың кен байлықтарын барлауға арналды; кен орындарындағы қорғасын-мырыш және марганец кентастарының қорын есептеп шығару, кен өндіру жұмыстарын жолға қоюда үлкен еңбек сіңірді; темір-марганецті Атасу кен орнын барит-қорғасын-мырыш кентастарының ірі орталығына айналдыруда кең көлемді ғылыми жұмыс жүргізді. 1979 жылы Жәйрем, Үшқатын, Арап кен орындарының шикізат базасын кеңейтіп, оларды алғаш ашқан адам деген атаққа ие болды.
Әдебиеттер:
Рожнов Анатолий Александрович // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 448 б.
Рожнов Анатолий Александрович (1931- 1994)
Анатолий Александрович Рожнов — геолог, Герой Социалистического Труда. Окончив Северо-Кавказский горно-металлургический институт, стал работать в Казахской ССР. С 1953 года работал геологом, главным инженером Джумартовской геолого-разведочной экспедиции. В 1960 году был назначен старшим геологом Каражалской геолого-разведочной экспедиции. В 1966 году был назначен главным геологом Жайремской геолого-разведочной экспедиции и в 1969 году – главным геологом Центрально-Казахстанского производственного геологического объединения. В годы девятой пятилетки Жайремская геолого-разведочная экспедиция выполнила разведку месторождений Жайрем и Ушкатын III. Благодаря деятельности Жайремской геолого-разведочной экспедиции план прироста добычи свинца и цинка был выполнен досрочно в 1973 году. За эффективное руководство геолого-разведочной экспедицией был удостоен в 1974 году звания Героя Социалистического Труда.
Литература:
Рожнов Анатолий Александрович // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. – С. 408.
Воспоминание об отце // Қазыналы өңір. - 2014. - 29 қараша (№ 49). - С. 6.
Жуковский П. И. Неисправимый романтик // Индустриальная Караганда. - 2006. - 4 нояб. - С. 14.