Победоносцев Юрии Кенсоринович (1907-1987)
Юрий Кенсоринович Победоносцев 1907 жылы 10 тамыз күні Тобыл губерниясының (қазір Свердловск облысы) Туринск қаласында дүниеге келген. 1928 жылы Уфа орман техникумын, содан кейін Орджоникидзе қаласындағы түрлі-түсті металлургия институтын бітіреді. Юрий Кенсориновичтің еңбек жолы, өмірінің соңғы күндеріне дейін Балқаш қаласымен тығыз байланысты болды. 1940 жылы институтты үздік дипломмен, инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген кезінде, оны Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатына жолдамамен жібереді. Юрий Кенсоринович 1940 жылдан бастап ауысым шебері, шарпу телімінің басшысы, Балқаш мыс балқыту зауытының металлургиялық цехының техникалық жетекшісі қызметтерін атқарды. 1944 жылы мыс балқыту цехының бастығы, 1952 жылы Балқаш мыс қорыту зауытының бас инженері, 1958 жылдан бастап Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының бас инженері лауазымында істеп, осы қызметті зейнеткерлікке шыққанша 1973 жылдың 2 шілдесіне дейін атқарды. Қалдық газдардан ренийлік өнімдерді алу технологиясын енгізгені үшін Ю.К.Победоносцевке 1948 жылы бірінші рет және 1969 жылы мысты байыту кезінде оттегін пайдалана өндіру технологиясын пайдалануға бергені үшін екінші рет КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды.1966 жылы Юрий Кенсоринович Победоносцевке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.1995 жылы Балқаш қаласы әкімінің шешімімен «Балқашмыс» АҚ-ның ғылыми - техникалық кітапханасына Юрий Кенсоринович Победоносцевтің аты берілді. Юрий Кенсоринович бірнеше рет Балқаш қалалық және Қарағанды облыстық Кеңесінің халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен және бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.
https://balkhashlib.kz/ru/kraeved_6_15_7
Әдебиеттер:
Победоносцев Юрии Кенсоринович // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 441 б.
Балқаш қаласының жылнамасы = Летопись города Балхаш / құраст. А. Б. Исабекова. - Тараз : Сенім, 2017. - 351 б.
Победоносцев Юрии Кенсоринович (1907-1987)
Победоносцев Юрий Кенсоринович – инженер-металлург. Родился в 1907 году в г. Туринске Свердловской области. В 1928 году окончил Уфимский лесной техникум, затем институт цветной металлургии в г. Орджоникидзе. В дальнейшем биография Юрия Кенсориновича была связана с Балхашом до последнего часа его жизни, начиная с 1940 года, когда он после окончания с отличием института с дипломом инженера – металлурга был направлен на Балхашский горно-металлургичесий комбинат. Юрий Кенсоринович с 1940 года в работал сменным мастером, начальником отражательного участка, техруком металлургического цеха Балхашского медьзавода. В 1944 году был назначен начальником медеплавильного цеха, в 1952 году – главным инженером БМЗ, с 1958 года – главным инженером Балхашского горно-металлургического комбината, на этой должности работал до ухода на пенсию до 2 июля 1973 года. За освоение технологии получения рениевой продукции из отходящих газов Победоносцев Ю.К. в 1948 году был удостоен звания Лауреата Государственной премии. За разработку и внедрение прогрессивной технологии выплавки меди с применением кислорода в 1969 году вторично был удостоен государственной премии СССР. В 1966 году Победоносцеву Ю.К. присвоено звание Героя Социалистического Труда. В 1995 году решением акима города Балхаш имя Победоносцева Ю.К. было присвоено научно-технической библиотеке АО «Балхашмыс».
https://balkhashlib.kz/ru/kraeved_6_15_7
Литература:
Победоносцев Юрий Кенсоринович // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. – С. 397.
Балқаш қаласының жылнамасы = Летопись города Балхаш / құраст. А. Б. Исабекова. - Тараз : Сенім, 2017. - 351 б.
Григорьева Т. Ключ от Токрау // Индустриальная Караганда. - 1999. - 6 февр. - С. 12.