top of page

 

Махметов Мейрам (1910- 2002)

        Мейрам Махметов 1910 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1929 жылы Ақмола темір жол станциянда «Қазақжолқұрылысы» басқармасында жұмысшы болудан бастады. Қарағанды қаласына 1930 жылы келеді. 1930-1983 жылдары Қарағанды Сұрыптау темір жол станциясында майлаушы, поезд-вагон мастері, аға вагон байқаушысы, вагон учаскесі бастығының орынбасары, техникалық бақылау пунктінің бастығы, аға мастер болып қызмет істейді.

Өзінің естелігінде «Мен жол бөлімшесінде 1931 жылдан істеймін. Сол жылы Қарағанды алқабына алғашқы поезд келгенін көзбен көрдім. Халықтың қуанышында шек болған жоқ. Енді алты айлық жол алты күнге қысқарып, Қарағанды еліміздің көп өлкелерімен темір жол арқылы байланысты. Сөйтіп, керуендер орнына поездар жүйткитін болды. Теміржолшылар коллективі менің көп жылғы мінсіз еңбегімді жоғары бағалады. Үкіметіміз, маған Социалистік Еңбек Ері деген құрметті атақты беріп, Ленин орденін және «Орақ пен Балға» алтын медалын қоса тапсырды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, үш медаль, көптеген жарыс значоктарымен наградталдым» деп еске алады.

1983 жылы зейнеткерлікке шығады. 2002 жылы қайтыс болады.

 

 

 

Әдебиеттер:

Махметов М.   Алғашқы поезд // Советтік Қарағанды. - 1961. - 17 июнь (№ 142). - 5 б.

Махметов Мейрам (1910) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 394 б.

Махметов Мейрам (1910-2002) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 400 б.

Киев көшесін Серов көшесінің қиылысына дейінгі атаусыз көшені Махметов Мейрам Махметұлының атындағы көше деп атау туралы: Қарағанды қалалық Мәслихатының XXXІІІ сессиясының шешімі / Қарағанды облысы. Қалалық Мәслихат // Орталық Қазақстан. - 2003. - 1 қаңтар. - 15  б.

Можаровская Л.  Олар даңққа құмартқан жоқ // Орталық Қазақстан. - 2004. - 14 ақпан. - 3  б.

 

 

 

Махметов Мейрам

 

        Мейрам Махметов родился 1910 году. Железнодорожник, начальник пункта технического осмотра вагонов станции Караганда-Сортировочная Казахской железной дороги. Герой Социалистического Труда (1959).

С 1929 года трудился разнорабочим на строительстве железной дороги в тресте «Казахдорстрой». С 1930 года проживал в Караганде. С 1930 по 1983 года — смазчик, мастер, старший сортировщик, заместитель начальника, начальник пункта технического осмотра вагонов станции Караганда-Сортировочная.

Указом Президиума Верховного Совета СССР от 1 августа 1959 года за выдающиеся успехи, достигнутые в развитии железнодорожного транспорта удостоен звания Героя Социалистического Труда с вручением ордена Ленина и золотой медали «Серп и Молот».

В 1983 году вышел на пенсию. Скончался в 2002 году.

 

Литературы:

 

Махметов Мейрам (1910-2002)  // Караганда. Карагандинская область: энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2008. - 359 с.

Махметов Мейрам (1910) // Караганда. Карагандинская область: энциклопедия / Редкол. Р.Н.Нургалиев и др. - Алма-Ата: Каз.Сов.Энцикл., 1986. -360 с.

Наименовании безымянной улицы от улицы Киевской до пересечения с улицей Серова улицей имени Махметова Мейрама Махметовича: решение XXXІІ сессии Карагандинского городского Маслихата ІІ созыва / Карагандинская область. Городской Маслихат // Индустриальная Караганда. - 2002. - 28 дек. - С. 13.

bottom of page