Құсайынов Әубәкір (1926-1979)
Құсайынов Әубәкір - кен қазушы. 1926 жылы Қарағанды облысы Қарсақпай поселкесінің туған. 1946 жылы ФЗО мектебін бітіріп, көмір шахтасында электро – слесарь болып жұмыс істеді. 1949 жылы ауыл – шаруашылығы мектебін бітірісімен колхозда зоотехник болды. 1956 жылы забойшы кейін Жезқазған кен – металлургия комбинаты Оңтүстік кенішінің № 44 шахтасында комплексті бригаданың бригадирі болды. Құсайынов Әубәкір 1979 жылы кенеттен қайтыс болды. Забойшы мамандығын толық меңгергеннен кейін, тау – кен маман-дықтарының бірімен бірі тығыз байланысты екендігіне көз жеткізген Әубәкір Құсайынұлы, бұрғылаушы, қопарғыш, скреперші – бүкіл аралас мамандықтарды меңгеруді мақсат етіп қояды. Ал кенішке жаңа өздігінен жүретін жабдықтар келісімен,Әубәкір оларды да алғашқылардың бірі болып игерді. 1963 жылы өндіріс озатын өздігінен жүретін жабдықты өндіріске енгізу үшін № 44 шахтаға жібереді. Жас жұмысшылардың Ә. Құсайынұлы басқарған бригадасы өздігінен жүретін техниканы қысқа мерзімде игеріп, өз бетімен жұмыс істей бастады. 1964 жылы бригаданың прогресшіл тәжірибесі ССРО халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде көрсетіліп, шахталарда кеңінен қолданыла бастады. Әрбір забойшының өнімділігі 1962 жылы 13 куб.метр болса, 1965 жылы 18 – 19 куб. метрге көтерілді. Ал,әрбір забойшының орта көрсеткіші шахталарда 10 куб. метрдең жоғары көтерілмегенді.Ә.Құсайынұлының бригадасы кен өндірудің жеті жылдық жоспарын 7 ай мерзімінен бұрын орындады. Тау – кен өндірісінде мінсіз және көп жылғы еңбегі үшін Ә. Құсайынұлына «Құрметті кенші» атағы берілгенді. Жаңа техниканы игергені мен өндіріске енгізгені және социалистік жарыста жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін, ол бірнеше рет құрмет грамоталарымен наградталды. Халық депуттары Жезқазған қалалық Советінің депутаттығына сайлап еңбектес жолдастары әрдайым оған сенім артатын. Ал, даңқты кеншіге 40 жыл толғанда, ол Отанымыздың ең жоғарғы наградасына ие болды. 1966 жылы 20-шы мамырдағы ССРО Жоғарғы Советінің Президиумының Указымен Құсайынов Әубәкірге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Әдебиеттер:
Құсайынов Әубәкір // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 387 б.
Жезқазған қаласының көшелері : ақпараттық-танымдық материалдар . - Қарағанды : Гласир, 2009. - 130 б.
Казкенов Б. Еңбекпен өсіп-өген [Электрондық ресурс] // Мысты өңір. - 2017. - 8 қыркүйек (№ 34).
Оңтүстіктің үш батыры [Мәтін] // Мысты өңір. - 2014. - 16 мамыр (№ 20). - 6 б.
Кусаинов Аубакир (1926-1979)
Кусаинов Аубакир родился в 1926 году в поселке Карсакпай Карагандинской области. В 1946 году окончил школу ФЗО и стал работать электрослесарем на угольной шахте. В 1949 году после окончания сельскохозяйственной школы работал зоотехником в колхозе. С 1956 года забойщик, а затем бригадир комплексной бригады шахты № 44 Южного рудника Джезказганского горно-металлургического комбината. Овладев профессией забойщика, Аубакир Кусаинов увидел, как тесно связаны между собой горняцкие профессии, решил овладеть всеми смежными специальностями—бурильщика, взрывника, скрепериста. Когда на рудник пришло новое самоходное оборудование, Аубакир одним из первых освоил его. В 1963 году передовика производства направляют на шахту № 44 для внедрения самоходного оборудования. Бригада молодых рабочих под руководством А. Кусаинова быстро освоила самоходную технику и стала работать самостоятельно. А в 1964 году прогрессивный опыт бригады экспонировался на Выставке достижений народного хозяйства СССР и получил широкое распространение на шахтах. Выработка на одного забойщика поднялась с 13 кубических метров в 1962 году до 18-19 кубических метров в 1965. Тогда как средний показатель по шахте не превышал 10 кубических метров на одного забойщика. Семилетний план по добыче руды бригада А. Кусаинова выполнила на семь месяцев раньше срока. За безупречную и долголетнюю работу в горной промышленности Аубакиру Кусаинову было присвоено звание почетного горняка. За освоение и внедрение новой техники и высокие производственные показатели в социалистическом соревновании он неоднократно награждался почетными грамотами. Товарищи по труду облекли его своим доверием, избрав депутатом Джезказганского городского Совета народных депутатов. А в год, когда прославленному горняку исполнилось сорок лет, к нему пришла высшая награда Родины. Указом Президента Верховного Совета СССР от 20 мая 1966 года Аубакиру Кусаинову присвоено звание Героя Свииалистического Труда. Одна из улиц города Сатпаев носит его имя.
Литература:
Кусаинов Аубакир // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С 331.