top of page

 

Касаева Марфа Филипповна (1916-1989)

 

        Марфа Филипповна Касаева 1916 жылы Киров облысы, Бисеровский ауданының Георгиевка селосында дүниеге келген. Марфа Филлипповна 1939 жылдан бастап «Прибалхашстрой» тресіне жұмысқа келеді. Алғашқы кезде тас қалаушылардың бригадасында көмекші болып істей бастайды да, сылақшыларды дайындау курсы басталған кезде, ол сылақшының оқушысы болып ауысады. Осы үш жыл ішінде ол сылақшы жұмысының барлық қыр-сырына қанығып үйренеді. Мария Филлипповна өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен атқара біліп, барлық сана сезімін осы жұмысына арнаған ержүрек жандардың бірі болды, сонымен бірге осындай әдетке басқа жандарды да үйретті. Марфа Филлипповна «Прибалхашстрой» тресінің №2 құрылыс басқармасында 1939 жылдан бастап, зейнеткерлікке шыққанша аянбай еңбек етті. Қаланың әлеуметтік саладағы нысандарын және тұрғын үй кешендерін салысуға тер төкті. Ол өзінің еңбек көрсеткіштерін 32 пайызға дейін орындап отырды. М.Ф.Касаеваның жұмысы өзінің сапалығы және жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленетін. Өзінің адал еңбегі мен өзінің кәсіби мамандығын жоғары біліктілікпен меңгергені үшін ол Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды және Үкіметтің шешімімен 1964 жылы 11 тамыз күні Касаева Марфа Филипповнаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен бірге, Марфа Филлипповна «Құрмет Белгісі «орденімен марапатталған және Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген құрылысшысы атағын алған марапат иесі.

 

 

https://balkhashlib.kz/kk/kraeved_6_15_4

 

Әдебиеттер:

 

Касаева Марфа Филипповна  // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 285 б.

Балқаш қаласының жылнамасы  = Летопись города Балхаш / құраст. А. Б. Исабекова. - Тараз : Сенім, 2017. - 351 б.

 

 

 

Касаева Марфа Филипповна (1916-1989)

 

        Марфа Филипповна Касаева родилась в 1916 году в селе Георгиевка Бисерского района Кировской области. Пришла в трест «Прибалхашстрой» в 1939 году. Сначала работала на подсобных работах в бригаде каменщиков, а когда стали набирать на курсы штукатуров, то она пошла в ученики. За три года в совершенстве овладела всеми приемами штукатурных работ. Марфа Филлиповна относилось к числу мужественных людей, и ее мужество состояло в том, чтобы свою повседневную работу выполнять с любовью, с сознанием долга и ответственностью, этому она учила других. В строительном управлении № 2 треста «Прибалхашстрой» работала с 1939 года до ухода на заслуженный отдых. Принимала участие в строительстве объектов социальной сферы и жилищных массивов города. Производственные задания перевыполняла на 32 процента. Работу М.Ф.Касаевой всегда отличали высокая производительность и качество. За ее заслуги, безупречный труд и преданность своей профессии, она была избрана депутатом Верховного Совета Казахской ССР и решением Правительства Марфе Филипповне 11 августа 1964 г. присвоено звание Героя Социалистического Труда. Она также была награждена орденом «Знак Почета», удостоена звания заслуженного строителя Казахской ССР.

 

https://balkhashlib.kz/kk/kraeved_6_15_4

http://www.karkultura.gov.kz/index.php?id=2&kid=299

 

 

Литература:

 

Касаева Марфа Филипповна  // Караганда. Карагандинская область  : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С 298.

Касаева Марфа Филипповна  // Герои Социалистического Труда-казахстанцы : в 4-х т.: Т. 2. - Алма-Ата : Казахстан, 1969. – С 497-498.

Балқаш қаласының жылнамасы  = Летопись города Балхаш / құраст. А. Б. Исабекова. - Тараз : Сенім, 2017. - 351 б.

Вклад женщин Центрального Казахстана в развитие региона (30-90-е годы ХХ века)  : монография / Б. Т. Тулеуова [и др.] - Караганда : Тенгри, 2016. - С 312.

Сактаганова З. Г.  Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг. : монография. - Караганда : Изд-во КарГУ , 2016. - С 255.

bottom of page