Беркімбаев Бегім (1889, Ресей империясы, Семей облысы, Қарқаралы уезінің Ақшатау болысының Оныншы ауылы-1979, Қазақ ССР, КСРО) - Социалистік еңбек ері (1948), аға шопан. Семей облысы, Қарқаралы уезінің Ақшатау болысының Оныншы ауылында туған (Қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы). Қызыл-Өркен, Қарабұлық шаруашылықтарында жетпіс жыл бойы шопан ретінде жұмыс атқарған. 1950 жылы екінші мәрте Ленин орденімен марапатталады. 1959 жылдан өмірінің соңына дейің "Қарабұлақ" совхозында техник мал дәрігері болып істеді.
Әдебиеттер:
Беркімбаев Бегім // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 182 б.
Майбас Т. Көкбөрі Керней дейтін елміз: шежіре кітабы. Үшінші кітап. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2005. - 358 б.- Загл. обл. : Керней шежіресі.
Шет ауданы: энциклопедия / ред. Ә. Оспан. - Алматы : ҚазАқпарат, 2013. - 390 б.
Бегим Беркимбаев - чабан, Герой Социалистического Труда. Родился в 1899 году в ауле № 10 Шетского района Карагандинской области. Работал старшим чабаном в колхозе «Кзыл-Оркен» Шетского района. В 1947 году от 450 курдючных овцематок получил приплод 580 ягнят. Указом Президиума Верховного Совета СССР от 23 июля 1948 года ему было присвоено звание Герой Социалистического Труда. С 1959 года и до конца жизни работал техником ветеринаром в совхозе Карабулак. Дважды был награжден орденом Ленина. Его именем названа одна из улиц села Карабулак.
Литература:
Беркимбаев Бегим // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С. 171.