Берденов Мыңбай (1930-1985)
Мыңбай Берденов 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Малшыбай селосында туған. 1958 жылдан СОКП мүшесі. Еңбек жолын 1950 жылы совхозда жұмыскер болып бастады. 1952 жылдан бастап, өмірінің соңғы күніне дейін, М.Берденов Ұлытау ауданның «Алғабас» совхозында аға шопан болып еңбек етті. 1985жылы қайтыс болды. Берденов Мыңбай еңбекқор, қой бағудың қыры мен сырын толық меңгерген адам болатын, сондықтанда ол ең жоғарғы еңбек көрсеткіштеріне жетті. Осы бір қарапайым адамға өз ісіне қалтқысыз берілгендік, әрбір істегі жаңалықтар мен үздік әдістерді іздену қасиеті тән болатын.Ол совхозда және ауданда қой шаруашылығы саласының өркендеуін, оның өнімділігінің өсуіне айрықша үлес қосты. Берденов М.өз тәжірибесін жастарға үйретуге жалыққан емес, жас шопандардың көпшілігіне ұстаздық етті. Берденов М. қоғамдық жұмыстарға да үзбей араласып, аудандық және облыстық партия комитетінің мүшесі, 8-сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Халық депутаттары облыстық Советінің депутаты болып сайланды. Партия мен үкіметіміз Берденов Мыңбайдың еңбектерін өте жоғары бағалады. 1982 жылы ақпанның 22 күнгі ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Берденовке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді, Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» Алтын медалі қоса тапсырылды.
Оған «ҚазақССР-і социалистік мал өсірушілердің еңбек сіңірген шебері» атты құрметті атақ берілді. Ол – үш мәрте Ленин орденінің, Октябрь революциясы орденінің және ССРО медальдарының, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің грамотасының иегері.
Әдебиеттер:
Берденов Мыңбай // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 181 б.
Жезқазған қаласының көшелері / ред. Б. Т. Байжантаев. - Қарағанды : Гласир, 2009. - 130 б.
Байманова С. Мыңбай Берденов [Электрондық ресурс] // Мысты өңір. - 2000. - 12 мамыр.
Берденов Мынбай (1930-1985)
Мынбай Берденов родился в 1930 году в селе Малшибай Улытауского района Карагандинской области. Трудовую деятельность он начал в 1950 году разнорабочим совхоза. С 1952 года вплоть до последних дней своей жизни М. Берденов трудился старшим чабаном совхоза «Алгабасский» Улытауского района. Берденов Мынбай был трудолюбивым человеком, знатоком овцеводства, постоянно добивался высоких показателей. Будучи старшим чабаном, ежегодно выращивал от 110 до 150 ягнят от каждой сотни овцематок. Его отличительной чертой было рачительность и хозяйственный подход к делу. Он внес большой вклад в развитие овцеводства, повышение его продуктивности в совхозе и районе. Берденов М. делился опытом с животноводами, был наставником, воспитал группу молодых чабанов. Мынбай Берденов вел большую общественную работу, избирался членом областного и районного комитетов партии, депутатом Верховного Совета Казахской ССР восьмого созыва, областного Совета народных депутатов. Заслуги Берденова Мынбая были отмечены правительством. Указом Президиума Верховного Совета СССР от 22 февраля 1982 года Берденову Мынбаю присвоено звание Героя Социалистического Труда с вручением ордена Ленина и Золотой медали «Серп и Молот». Ему присвоено почетное звание «Заслуженный мастер социалистического животноводства Казахской ССР», он награжден тремя орденами Ленина, орденом Октябрьской революции и медалями СССР, Грамотами Верховного Совета Казахской ССР.
Литература:
Берденов Мынбай // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С. 170.