top of page

 

 

Байжұманов Әбдіғали

        Әбдіғали Байжұманов 1912 жылы дүниеге келген. 1931 жылы Спасск мыс балқыту зауытында істейді. 1932-1933 жылдары «Киров көмір» тресінің шахтасында көмір тасып шығарушы болып еңбек етеді. 1933-1937 жылдары бу қазандары цехында кочегар, ауа өткізетін насостар бойынша кезекші болады. 1937-1945 жылдары Кенес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысады. 1945-1967 жылдары № 1 Қарағанды жылу-электр орталығында от жағушы, бу қазанының машинисі болады. 1967 жылдан бастап бу қазандары цехының ауысым бастығы қызметін атқарып, өзіне тапсырылған учаскенің үзіліссіз істеуін қамтамасыз етті.

Энергетик Ә.Байжұманов Ленин ордені, «Орақ пен Балға» алтын медалімен марапатталған. 1966 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

 

 

Әдебиеттер:

 

Байжұманов Әбдіғали (1912) // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. - 122 б.

Байжұманов Әбдіғали (1912) //Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 159 б.

 

 

Байжуманов Абдигали

 

        Абдугали Байжуманов родился 1912 году. В 1931 году начал свою трудовую деятельность на Спасском медеплавильном заводе. В 1932-1933 годах трудился откатчиком на шахте треста «Кировуголь». С 1933 по 1937 год - кочегар. В 1937 году был призван на срочную службу в Красную Армию. Участвовал в Великой Отечественной войне. После демобилизации в 1945 году возвратился в Казахстан, где устроился на работу на Карагандискую ТЭЦ №1. Работал кочегаром, машинистом парового котла. Позднее был назначен старшим машинистом котельного цеха.

В 1966 году за выдающиеся трудовые достижения был удостоен звания Героя Социалистического Труда.

В 1975 году вышел на пенсию.

 

Литературы:

Байжуманов Абдигали (1912) // Караганда. Карагандинская область: энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2008. - 151 с.

Байжуманов Абдигали (1912) // Караганда. Карагандинская область: энциклопедия / Редкол. Р.Н.Нургалиев и др. - Алма-Ата: Каз.Сов.Энцикл., 1986. - 118 с.

bottom of page