top of page

 

Баймағанбетов Балаби (1890-1970)

 

        Баймағанбетов Балаби 1890 жылы,бұрынғы Қарағанды, қазіргі Жезқазған облысының Жезді ауданы, қазіргі Киров селолық Советтің көлемінде туған. Жастық шағын жалшылықта өткізді. 1929 – 1937 жылдары – Қарсақпай мыс қорту заводында жұмыскер. 1937 жылдан – «Өркен» колхозында шопан. 1952 жылдан – Қарағанды, қазіргі Жезқазған облысы Жезді ауданының «Қарсақбай» совхозында бақташы, 1962 жылы Құрметті демалысқа шығып, 1970 жылы дүниеден қайтты. Балаби Баймағанбетов 38 жасқа толысымен, байдың малын бағу қияметінен құтылу үшін, аулынан  кетуіне тура келді. Балаби заводта сегіз жыл жұмыс істеді. Осы жылдарда көз алдынан туған даласының көк аспаны, көктемнің гүл жарған балаусасы мен ерекше көңілің шарықтатар көк шалғыны кетпей қойды. Туған аулына қайта оралып, «Өрнек» колхозының алдыңғы қатардағы шопаны болып шыға келді. Әсіресе, соғыстың соңғы жылдарында асқан табандылық және үлкен шеберлігін шыңдау арқылы,әр жүз саулықтан үнемі 120 қозы, қой басына 3 килограммнан жүн алып отырды. Балабиді республикадағы таңдаулы шопан деп атап жүрді. ССРО Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылы 12 шілдедегі Указымен Баймағанбетов Балабиге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Кейінгі жылдарда да ол аса жігерлілікпен еңбектің жоғарғы көрсеткіштеріне жетті. Жаз бойы өз отарына бір жарым жылдық азық қорын дайындап алуды, Балаби алдына мақсат етіп, оны үзбей орындады. Оның бұл тәжірибесін совхоздың өзге шопандары да шынайы құптады.Тек 72 жасқа келгенде ғана, құрметті демалысқа шығуға келісімін берді. Онда да жастың ұлғайғанынан ат үстінде үнемі отырудың қиындағанын сезіне бастағандығын, еңбекқор қарт достарына, әріптестеріне қалжыңдап айтып жүретінді. Шопанның көптеген ізбасарлары «Қарсақбай» совхозының орталығында  тұратын Балаби қартқа келіп сәлемдесіп, оның ақыл – кеңесін тыңдап, бай тәжірибесін үйренуді міндетіміз деп есептейтін.

 

Әдебиеттер:

Баймағанбетов Балаби // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 160 б.

  

Дастанов А.  Республиканың таңдаулы шопаны атанған : тарлан  // Мысты өңір. - 2010. - 17 қыркүйек (№ 39). - 3 б.

 

 

Баймагамбетов Балаби (1890-1970)

 

        Баймагамбетов Балаби родился в 1890 году на территории Кировского сельского Совета Джездинского района Карагандин­ской области. В юные годы был батраком. В 1929-1937 годах — рабочий Карсакпайского ме­деплавильного завода. С 1937 года—чабан колхоза «Орнек». С 1952 года—скотник совхоза «Карсакпайский» Джездинского района Джезказганской области. Особого мастерства достиг он в первые послевоенные годы, когда от каждой сотни овцематок постоянно полу­чал по 120 ягнят и настригал по 3 килограмма шерсти с каждой овцы. О Балаби говорили как об одном из лучших чабанов рес­публики. Указом Президиума Верховного Совета СССР от 12 июля 1949 года Балаби Баймагамбетову было присвоено звание Героя Со­циалистического Труда. И все последующие годы трудился он с такой же доблестью.  Каждое лето он заго­тавливал полуторагодичный запас кормов для своей отары. Переняли его опыт и другие чабаны совхоза.

 

Литература:

 

Баймаганбетов Балаби  // Караганда. Карагандинская область  : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С. 153.

Баймаганбетов Балаби  // Герои Социалистического Труда-казахстанцы : в 4-х т.: Т. 2. - Алма-Ата : Казахстан, 1969. – С.435-436.

bottom of page