Баймұрзинов Хамза Ғабдулғазизұлы
Хамза Ғабдулғазизұлы Баймұрзинов (1926 ж. т.) - слесарь. Еңбек жолын 1948 ж. бастады. 1949-1954 ж. қазіргі Қарағанды «Карбид» өндірістік бірлестігінде карбидшілер, бригадирі болды. 1965 ж. жеті жылдық жоспардың (1959-1965) тапсырмаларын орындауда аса үздік көрсеткіштерге жетті, өндіретін жоспардан тыс 8 мың тонна кальций карбидін берді. 1966 жылы Социалистік Еңбек Ері. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Орденмен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Баймұрзинов Хамза Ғабдулғазизұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. – 122-123 б.
Баймұрзинов Хамза Ғабдулғазизұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 161 б.
Баймурзинов Камза Габдулгазизович
Камза Габдулгазизович Баймурзинов - слесарь завода «Карбид». Родился в 1926 году в Ермаковском районе Павлодарской области. Трудовую деятельность начал в 1948 году трактористом в совхозе. Участник Великой Отечественной войны. С 1949 года работал на Карагандинском заводе синтетического каучука: сначала рядовым карбидчиком, затем бригадиром, начальником смены. В 1965 году добился выдающихся производственных показателей в выполнении семилетнего плана. За этот высокий трудовой подвиг Указом Президиума Верховного Совета СССР от 28 мая 1966 года Камзе Габдулгазизовичу Баймурзинову присвоено звание Героя Социалистического Труда.
Литература:
Баймурзинов Камза Габдулгазизович // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / Редкол. Р.Н.Нургалиев и др. - Алма-Ата : Каз.Сов.Энцикл., 1986. - С.119.
Баймурзинов Камза Габдулгазизович // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С. 154.
Калюжный П. У подножия Железной горы // Индустриальная Караганда. - 1966. - 30 ноября (№ 283). - С. 2.