Айтуаров Жарылғап (1934 — 2013)
Айтуаров Жарылғап 1934 жылы, бұрыңғы Қарағанды, Жезқазған ауданының (Жезді ауданы) Қызыл – Әскер колхозында (кейінде «Жетіқоңыр совхозы ») туған. Ұлты қазақ.
1952 жылдан бастап «Қызыл Әскер» колхозында, кейін Жезді ауданының «Жетіқоңыр» совхозында аға шопан. Қазіргі кезде мал шаруашылығы өркендетуге үлкен үлес қосып, Жезқазған совхоз – техникумында еңбек етуде. Жарылғап оқып жүрген кезінде де, жаз бойы колхоздың шопандарымен жайлауға кететін.Үлкен атасы өмір бойы айналысқан осы еңбектің түрі оның жүрегінен мықтап орын алғанды, қой отарын баққан оған өте ұнайтын. Ал, 18 жасқа толысымен, Жарылғап туған «Қызыл - Әскер» колхозында шопан таяғын ұстағанды. 1962 жылы ол «Жетіқоңыр» совхозының аға шопаны болып тағайындалды. Ж.Айтуаров отарын жаятын Мойынқұм жайлауы үлкен іскерлік және сүйіспеншілікпен істелген шопан еңбегін талап етеді. Жас шопан барлық қиыншылықтарды іскерлікпен жеңе білді. Соның арқасында үлкен жетістікке жетті. 1963 жылы 600 аналық қойдан 744 қозы, жүзіне 124 қозыдан алды. Әрбір қойдан орташа 3,3кг жүн алды. 1964 жылдың қысы айырықша ауыр болды. Орталық Қазақстанда толассыз борандар соқты. Қатал аязды күндермен жылылық кезек алмасып, малдың басын ұлғайту түгілі, мал басын сақтау үшін нағыз жанқиярлық пен үлкен өнерді қажет етті. Тәжірибелі шопандарға қиынға соғатын нәтижеге жас Жарылғап Айтуаров ие болды. Қиыншылыққа қарамай, ол жүз саулықтан 107 қозы алып отардың сақталуы 99,1% ,әр қойдан алынған жүн 3,1 кг болды. 1965 жылы Ж. Айтуаровтың отарына 650 бас аналық қой басы болды. Әрбір 100 саулыққа шаққанда 120 қозыдан алып, әрбір қойдан 3,5 кг нан жүн алды. ССРО Жоғарғы Советі Президиумының 1966 жылы 23 наурыздағы Указымен Жарылғап Айтуаровқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Кеңесіне депутат болып сайланған. Ленин ордені және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Айтуаров Жарылғап // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 93 б.
Есімсейітұлы Т. Жетіқоңыр жұлдызы // Мысты өңір. - 2006. - 2 маусым (№ 22). - 8 б.
Есімсейітұлы Т. Сексенге келді сәнімен // Мысты өңір. - 2010. - 30 шілде (№ 31). - 7 б.
Айтуаров Жарылгап (1934 — 2013)
Жарылгап Айтуаров— старший чабан колхоза «Жетыконурский» Джездинского района Карагандинской области. Айтуаров Жарылгап родился в 1934 году в колхозе «Кызыл-Аскер» Джезказганского района Карагандинской. С 1952 года работал чабаном колхоза «Кызыл-Аскер». Школьником Жарылгап уходил на все лето с колхозными чабанами в степь. Ему нравилось пасти отары, по душе был труд, которым всю жизнь занимались его отец, дед и прадед. В 18 лет Жарылгап стал чабаном в своем родном колхозе «Кызыл-Аскер». В 1962 году его назначили старшим чабаном совхоза «Жетыконурский». Большого умения и любви к чабанскому труду требуют пастбища Муюнкумов, где пас свою отару Ж. Айтуаров. Но молодой чабан умело преодолевал все трудности. И вот пришел первый большой успех. В 1963 году он получил от 600 овцематок 744 ягненка, по 124 от каждой сотни. Средний настриг шерсти с овцы составил 3,3 килограмма. Жарылгап Айтуаров добился больших успехов. От каждой сотни овцематок он получил по 107 ягнят, сохранность в отаре составила 99,1 процента, настриг шерсти с каждой овцы по 3,1 килограмма. В 1965 году в отаре Ж. Айтуарова было 650 грубошерстных овцематок. От каждой сотни их он получил по 120 ягнят, настриг шерсти с каждой овны по 3,5 килограмма. Указом Президиума Верховного Совета СССР от 23 марта 1966 года Жарылгапу Айтуарову присвоено звание Героя Социалистического Труда.
Литература:
Айтуаров Жарылгап // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С. 112.