Адам-Юсупов Төлеген Дүйсенбайұлы (1937 - 2015)
Төлеген Дүйсенбайұлы Адам-Юсупов - көрікші, КСРО-ның құрметті металлургі (1969), Социалистік Еңбек Ері (1981). Еңбек жолын 1959 ж. Қарағанды металлургия комбинатында бастады, 1967 жылдан домна цехында аға көрікші. №4 домна цехының жобалық қуатын мерзімінен бұрын игеру жөнінде бастама көтеріп, оның 1,5 ай ішінде толық пайдаланылуына қол жеткізді. Комбинаттың 4-домна пешін іске қосу, ретке келтіру ісіне белсене ат салысты. Адам-Юсупов басқаратын №4 пеш ұжымы металлургтардың Бүкілодақтық социалистік жарысында сан мәрте жеңіп шығып, «КСРО-ның озық домна пеші» атағына ие болды (1978-1980). Адам-Юсуповтың бригадасы 10-бесжылдықтың тапсырмасын мерзімінен бұрын орындап шығып, жоспарға қосымша 5 мың т-дан астам шойын берді. КОКП 25-съезінің, Қазақстан КП 14-съезінің делегаты. 10-11-шақырылған КСРО Жоғарғы Кенесінің депутаты. 1984-89 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кенесі төрағасының орынбасары. Екі рет Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Адам-Юсупов Төлеген Дүйсенбайұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. Р.Н. Нұрғалиев. - Алматы: Қаз.сов.энцикл., 1990. – 90 б.
Адам-Юсупов Төлеген Дүйсенбайұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. – 88 б.
Лұқпан Е. Құрыш қала шежіресі: Теміртауға 60 жыл // Теміртау. - 2005. - 7,14,21,28 шілде. - 5 б.
Лұқпан Е. Магнитка мақтаныштары : Теміртауға- 60 жыл // Орталық Қазақстан. - 2005. - 16 шілде. - 3 б.
Несіпбай А. Домна жүрегінің дүрсілі : бүгін қазақстандық тұңғыш шойын алынғанына - 55 жыл // Егемен Қазақстан. - 2015. - 3 шілде (№ 124). - 1, 7 б.
Сағындықов А. Домна горновойы // Жалын. - 1976. - № 4. - 129-133 б.
Адам-Юсупов Толеген Дюсембаевич (1937 - 2015)
Толеген Дюсембаевич Адам-Юсупов— металлург. Герой Социалистического Труда. Депутат Совета Национальностей Верховного Совета СССР 10-го (1979—1984) и 11-го (1984—1989) созывов от Казахской ССР. Делегат XXV съезда КПСС (1976). Родился в 1937 году в Алма-Атинской области. Трудовой путь начал в 1959 году на Карагандинском металлургическом комбинате четвёртым горновым. Был среди тех, кто 3 июля 1960 года в 15 часов 07 минут выплавлял самую первую партию чугуна в первой запущенной доменной печи. Восемь лет с ним проработал и будущий президент независимого Казахстана Нурсултан Назарбаев. С 1967 года старший горновой доменного цеха. Коллектив печи № 4 под руководством Адам-Юсупова неоднократно побеждал во Всесоюзном социалистическом соревновании металлургов. В 27 лет Адам-Юсупову был вручён орден Трудового Красного Знамени, в 31 год он стал Почётным металлургом СССР. 2 марта 1981 года был удостоен звания Героя Социалистического Труда.
Литература:
Адам-Юсупов Толеген Дюсембаевич // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / Редкол. Р.Н.Нургалиев и др. - Алма-Ата : Каз.Сов.Энцикл., 1986. – С. 90
Адам-Юсупов Толеген Дюсембаевич // Караганда. Карагандинская область : энциклопедия / ред. А. Абдулин. - Алматы : Атамұра, 2008. - С.106.
Магнитка Казахстана/ Сост. А.С. Шапоров, В.А. Бондаренко. - Алма-Ата : Казахстан, 1983. - С.152.
Жуковский П. Колыбель моя, Магнитка! : Казахстанской Магнитке - 50 // Индустриальная Караганда. - 2010. - 9 февр. (№ 15). - С. 3.
Иоффе С. 1. На стыке пятилеток : письма с Казахстанской Магнитки // Индустриальная Караганда : областная газета. - 1971. - 19 февр. (№ 43). - С. 2.
Келлер Р. Как закалялась сталь // Комсомольская правда . - 2010. - 27 мая- 3 июня (№ 21). - С. 6.
Квятковский Р. История Тулегена, степняка и металлурга // Индустриальная Караганда. - 1971. - 17 окт. (№ 251). - С. 3.
Песнев С. Романтика чугуна: 40-летие первого казахстанского чугуна // Азия Транзит. - 2000. - N9.- С. 2.